Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергенов Азияның ең танымал әншісі атағын иеленді (фото, видео)

Димаш “Азияның ең танымал әншісі” аталымы бойынша қытайлық “Грэмми” сыйлығын иеленді.

887

Бұл туралы әншінің директоры Алпамыс Шәрімов Инстаграмдағы парақшасында жазды.

Top Chinese Music Awards сыйлығының марапаттау рәсімі Қытайдың Шанхай қаласында өткізілді.

“Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Бұл менің осында алып тұрған үлкен ең алғашқы сыйлығым. Ең алдымен өзімнің ата-анама және де өзімнің жан досыма үлкен рахмет айтамын. Менің бағымды ашқан, әлемге танытқан “Singer” жобасына, және барша тыңдармандарыма рахмет айтқым келеді. Бар болыңыздар, аман болыңыздар, бұл тек бастамасы деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды Димаш сахнада.

8555

Бұған дейін Димаштың қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, сұхбат бергені жарияланған еді.

“Димашқа қарағанда Қанат аға екеуміз қатты қуанышты сиақтымыз! Залдың қабылдауы, “Димаш” деп Mercedes Benz Arena айқайлаған кезде тіпті қандай эмоцияда болатынымды айта алмаймын! Саxнада тұрып, “мені қолдап жүретін Жан досыма раxмет айтамын” дегенде жүрегім аузымнан бір ақ шықты! Қуанышымда шек жоқ! Әлемдік деңгей!!! Атаның емес Адамның баласы!!! Осы қуанышты сыйлағанына раxмет”, – деп жазады досы Алпамыс.

Димаштың өзі желідегі парақшасында “Бұл жеңісті Сіздерге арнаймын, тілекшілерім!!! Баршаңызға раxмет!!! Dears, Сіздер ең мықты жанкүйерсіздер!!! Жақсы көремін!!!” деп алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз:

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім

Қайрат Нұртастың анасы: Жаңа фильмде танымал адамдар болмайды

Ауыл мұғалімі Ninety one тобын жақтаған Нұртас Адамбайды балағаттап тастады

Мейрамбек Бесбаев ұлының 2 жасқа толуын атап өтті (фото, видео)

Талқылау