Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өткен концертінің толық видеосы пайда болды (видео)

Танымал әнші Димаш Құдайберген Лондонның төрінде өнер көретіп, ән кешін өткізді. Желіде әншінің жеке концертінің толық видеосы пайда болды, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген

Димаштың Лондонда өткізген концертіне әлемнің 45 мемлекетіндегі ән сүйер қауым ағылып, керемет кешке куә болды. Кеш бойы көрермендер тынбастан қол шапалақтап, әншіге қошемет көрсетті.

Қазақтың біртуар әншісінің фанаттары концертке асығып, сағат 17:30- дан бастап ұзын-сонар кезекке тұрған.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген ән сүйер қауымға екі сағаттық шоу ұйымдастырып, барлық әнін жанды дауыста орындады. Сонымен қатар ол қайтыс болған досы, танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге ән арнады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау