Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін концертіне билеттер толықтай өтіп кеткен

Димаш Құдайбергеннің 19 қараша күні Лондон қаласында өтетін алғашқы жеке концерті қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы омен кездесу өткізіп, сәттілік тіледі, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін концертіне билеттер толықтай өтіп кеткен

Министрдің айтуынша, кездесу барысында шығармашылық жоспарлар, шет елдерді ұлттық өнерімізбен таныстыру мәселесі сөз болды.

«Біз әншіміздің бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз. Еуропа астаналарының бірінде Димаш жуық арада жеке концерт беретін болады. Билет сатудан түскен қаржы еліміздің жас таланттарының беделді халықаралық конкурстар мен концерттерге қатысуын қолдауға жұмсалатын болады», – деп жазады Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Фейсбук парақшасында.

Бұдан бөлек екі күн қалған концертке билеттердің қалмағананын айтқан министр, көрермендердің көпшілігі Лондон қаласының тұрғындары екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, министр Ресейдің Халық әртісі, композитор Игорь Крутой Министрлікке өтініш білдіріп, «Песня года» в «Олимпийском», «Новогодний огонёк» сынды телефестивальге Димаштың қатысуына жағдай жасауды сұрағанын атап өтті.

Сөз соңында отандық жас талантқа концертінің сәтті өтуін тілеп, ақжол тіледі.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениетінің күндері аясында өзінің алғашқы жеке концертін өткізетіні туралы жазған болатынбыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау