Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемдік жанкүйерлері әншіні Лондон әуежайында қол шапалақтап қарсы алды (видео)

Димаш пен оның қолдау тобы Лондонда! Жанкүйерлер қымбатты қонақтарды гүл шоқтарымен, сыйлықтармен, әнмен, әртүрлі елдердің жалаушаларымен қарсы алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Димаш Құдайбергеннің әлемдік жанкүйерлері әншіні Лондон әуежайында қол шапалақтап қарсы алды (видео)

Әуежайда тіпті,  Димаштың репертуарынан әндер орындалды! Жеке концертін өткізу үшін Лонданға келген Димашты 100-ге жуық адам үлкен қошеметпен қарсы алды.

Димаш Құдайбергеннің әлемдік жанкүйерлері әншіні Лондон әуежайында қол шапалақтап қарсы алды (видео)

Бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен келген Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері сүйікті әншілерін күтіп алу үшін әуежайға жиналған. Танымал орындаушыны шыға берісте асыға күтіп тұрған жанкүйер оған сыйлықтары мен гүл шоқтарын табыстады.

Димаш Құдайбергеннің әлемдік жанкүйерлері әншіні Лондон әуежайында қол шапалақтап қарсы алды (видео)

Қазақтың дарынды ұлы шетел жерінде де үлкен қошеметке бөленіп, даңқы асқақтады. Қуаныштан жүздері балбұл жанған жанкүйерлер сүйікті кумирімен сөйлесіп, суретке түсті.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әнші Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында алдағы концертке сәттілік тілеп, Лонданға шығарып салған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау