Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген ресейлік жобаға қатысқан бүлдіршінмен дуэт орындады (видео)

Димаш Құдайберген тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында жас әнші Алина Сансызбаймен дуэт орындады. Димаш пен Алина поп-музыка королі Майкл Джейсон мен Лайонел Ричидің We are the world әнін шырқаған, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген ресейлік жобаға қатысқан бүлдіршінмен дуэт орындады (видео)

Ақорда сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың орындаушылармен түскен суретін жариялады. Ал дуэттің мереке күні көрсеткен өнері YouTube желісінде пайда болды.

“Димаш – жарқыраған күн, Алина – Димаштың шашқан жылы шуағы”, – деп пікір білдірді тыңдармандардың бірі.

“Алиночка қандай сүйкімді қыз, ал Димаш жарады. Екеуіңді де мақтан тұтамыз”, – деп жазды екіншісі.
Айта кетейік, алматылық Алина Сансызбай Ресейдің “Голос.Дети” шоуына қатысқан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау