Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Ресейдің басты музыкалық кешіне қатысты

Лондон қаласында жеке концерт беріп, еуропалықтардың ерекше ықыласына ие болған Димаш Құдайберген енді Ресейдің басты «Песня года» атты  музыкалық фестиваліне қатысты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейліктердің Димашты ерекше қошеметпен қарсы алған видеолары желіде тез тарап кетті. Әншінің көршілес елдегі жанкүйерлері өз инста-парақшаларында Димашқа гүл шоқтарын сыйлап, оған көрсетілген сый-құрметтерін көрсетуде.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген өз парақшасында музыкалық фестивальдің ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. «Песня года. Рахмет «Олимпийский». Маэстро Игорь Яковлевич Крутой сізге өлеңдеріңіз үшін, маған және менің халқыма деген махаббатыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіз шын мәнінде мықтысыз! Үлкен рахмет», – деп жазба қалдырды.

Естеріңізге салсақ, кезекті материалымызда Димаш Құдайбергенді әлемдік жанкүйерлері Лондон әуежайында қол шапалақтап қарсы алғаны туралы жазған едік. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау