Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концертте өнер көрсетеді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада өткен пресс-конференцияда концерт жайлы сөз қозғады. Оның айтуы бойынша, Ақтөбенің 150 жылдығына арналған концертте Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Димаш Құдайберген

Бердібек Сапарбаевтың сөзінше, әнші жаңа жылдан бастап қала күніне ұйымластырылған концерттерге қатысады

“Концерттік залдар жағынан проблемалар жоқ. Бізде “Өнер Орталығы” бар. Димаш — біздің мақтанышымыз. Біз оған көмектесіп, қолдау көрсету керекпіз. Жыл сайын Димаш концерт өткізетін болады. Алдыңғы жылы мамыр айында уәде берген. Ол уәдесін орындайды”, — дейді әкім

Димаш Құдайберген қатысатын концерт стадионда немесе орталық алаңда өтеді

“Келесі жылы Ақтөбенің негізі қаланғанына 150 жыл толады. Дайындалып жатырмыз. Міндетті түрде Димаштың қатысуымен концерт ұйымдастырамыз”, — деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Талқылау