Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш енді қытайлықтарды пианиномен ән айтып таңғалдырмақ

Димаш Құдайбергенов “Мен әншімін” жобасының кезеңдерін сәтті өткеріп келеді. Ол алдағы алтыншы кезеңде әйгілі Лара Фабианның “Адажио” атты әнін орындамақ.

16906639_179204609235310_3053639833839730688_n

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергенов инстаграм парақшасы арқылы соңғы жаңалықтарын бөлісіп жатыр. Бұл жолы әнші өзін кездесуге шақырған Лара Фабианның әнін орындайды екен. Мұнымен қатар, ол аталған туындыны пианиномен сүйемелдеп, қытайлықтарды таңғалдыруы мүмкін.

“Осы аптада менің орындауымдағы Лара Фабианның репертуарынан “Адажио” әнін тамашалай аласыздар! Тұңғиық сезім – ерекше әсер сіздерге көңіл-күйімнің шапағатын сыйлайды деп ойлаймын! Сенбі 25 ақпан 20:05 (Астана уақыты); 22:05 (Бейжің уақыты) Hunan TV арнасында “I аm Singer” бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!”, – дейді Димаш Құдайбергенов.

Қытайға барып танымалдылығы артқан отандасымыздың парақшасын жанкүйерлері жіті бақылап жүр. Мұны небәрі екі сағаттың ішінде жазылған мыңдаған пікірден-ақ байқауға болады. Бірнеше тілде жазылған пікірлердің барлығы дерлік – жағымды тілектер. “Алға, Димаш аға! Сіздің жеңіп, тағы да Алла берген керемет даусыңызбен Қытай елін таңғалдыратыныңызға сенемін. Аллам өзі жәрдемші болсын! Сәттілік!”, “Димаш, сондай сымбаттысыз!”, “Осы кезеңде сіздің орын алғаныңызды естіп жатырмын. Шын жүректен құттықтаймын!”, “Димаш, сені Алла тіл-көзден сақтасын. Алла өз рақымына бөлесін. Жеңістің шыңына шық! Тек қана алға!” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің туған қарындасына арнаған өлеңі көптің жүрегін елжіретті

Джеки Чан Димаштың суреті бейнеленген футболка киіп жүр (фото)

33-ке толған Мақпал Исабекова туған күнін қалай атап өтті? (фото, видео)

Бақытбек Есентаев: Баянның опасыздығы үшін ол азаматтың отбасының бұзылғанын қаламадым

Талқылау