Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш: Қандай орын алғаныма қарамастан, өзімді жеңімпаз санаймын

Димаш Құдайберген BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы Шаң Венжемен бірге Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының финалына арналған шараның қызыл кілемінен жүріп өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

0пео

Отандасымыз, алдымен, арнайы тақтаға қолтаңбасын қалдырып, артынша өзін асыға күткен жүргізушінің сұрағына жауап берді. «Ассалаумағалейкүм! Баршаларыңызға үлкен рахмет. Осы орайда сіздерге тек алғыс білдіре отырып, сахналық әріптесім өзін мойындата білген әнші екенін жеткізгім келеді. Менімен сахнаны бөлісіп, қолдап, қолұшын бергендеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді», – деді Димаш өзінің дайындығы туралы.

Бұдан өзге байқауда өзінің нешінші орынға лайықты екенін айтып өтті. «Менің ойымша, қандай да нәтиже болмасын, мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. Өйткені мені қолдап, әрқашанда демеп жүретін сіздер барсыздар. Сіздер барда мен әрқашан жеңімпазбын», – дейді әнші.

Ал Шаң Венже тілшілерге өзінің осы сахнада қаншама өнер көрсетсе де тап қазіргі сәтте қобалжып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, ақтық бәсекеде жақсы нәтиже алатынына сенімді екенін айтты. Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының ақтық бәсекесін 15 сәуір күні Астана уақытымен 20:00 (жергілікті уақыт 22:00) де тікелей эфирде көрсетеді. Шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «Earth song» және «Dangerous» әндерін шырқайды.


Жіберіп алмаңыз:

Бибігүл Төлегенова Димашқа сәттілік тілеп батасын берді (видео)

Тыңдармандар Серіктің жары Айнамкөздің жүкті екенін байқап қалды (фото)

Ернар Айдар есін жиды

Өнер әлемінің “қаймақтары” Гүлзира Айдарбековаға не сыйлады? (фото, видео)

Талқылау