Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Денис Тен туралы 4 жантебірентерлік жазба қалдырды

Танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың маңдайына сыймай кеткен олимпиада жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы жантеберентерлік жазба қалдырды.

Димаш Денис Тен туралы 4 жантебірентерлік жазба жазды

Әнші Инстаграм парақшасында көлік тонаушы бұзағылардың қолынан ажал құшқан досы туралы жүрек елжіретерлік жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Ешқашан осы жазбаны жазамын деп ойламаппын. Мен бұған сене алар емеспін. Денис бауырым, досым менің сенің жоғың білінетін болды… Джеки достығына рахмет! Сен тарихта қалған ұлы адамсың. Бұл өмірден ерте кетіп қалғаның өкінішті. Мен әрдайым сенімен мақтанып, сағынатын боламын. Сен бүкіл өмірін еліміздің имиджіне арнаған батырсың! Бәрі үшін саған көп рақмет! Мен оған сенгім келмейді, сене алмаймын. Біздің соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын. Жатқан жерің жайлы болсын. Барлық туыстарына және достарына қайғырып, көңіл айтамын.

Қазақстың намысын қорғаймын деп жанын, барын салған мақтанышымызды сол жерде 1 қазақ көмектеспек түгілі, өз қазағымыздың қолынан жан тапсырғанына сене алар емеспін. Біздің ұлтты әлемге ұлықтап, елімізді танытқан саусақпен санайтындай аз ғана майталмандарымыздың қадірін біліп, қорғап жүрсек болатын еді ғой! Нағыз ержүрек батыр едің досым. Сенің қарапайымдылығың, адами қасиеттерің бәрімізге үлгі! Екі сөзіңнің бірінде менің Қазақстаным, қазағым деуші едің. Менің қанымды, ұлтымды, елімді танытқаныңа мың тағзым. Сен ешқашан сөнбейтін жұлдызсың! Кешір бізді досым! Өзегім өртеніп барады…

Димаш Денис Тен туралы 4 жантебірентерлік жазба жазды

Чемпиондар өлмейді, олар осы қатыгез әлемді аспанды бағындыру үшін артта қалдырады. Сен өзің туралы ән таңдапсың…Хош бол батыр

«Зачем я кричу, зачем я плачу
Я хотел поймать волны
Идущие из другого мира
Я никогда не чувствовал Землю под ногами
Я хотел бы быть птицей
Мне плохо в моем обличье
Я бы хотел увидеть мир с обратной стороны
Я хотел бы быть птицей
Спи, спи, моя милая»

Алтын бауырым, көңілі жайсаң, жүрегі кең асыл досым…Көзіңнің тірісінде еліміз үшін жасаған жақсылығыңа алғыс айтып үлгермеп едім. Алдыңда 1000 марте басымды идім бауырым. Бір арнаға тоғысқан қанша мақсаттарымыз бен армандарымыз жүзеге аспай қалды…Whatsapp-ты ашып, әлі де сенен хат келетіндей күтіп отырамын…Қош бол ел үшін туған алтыным ,- деген Димаш Денис туралы жазған жазбасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау