Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 7 жасар қазақ баласының әлемдік жұлдыз болатынын болжады

Димаш Құдайберген балалар арасында өткен халықаралық “Славянский базар” байқауында үшінші орын алған Әбілхайырды жеңісімен құттықтады. Жас таланттың еңбегін елеп-ескеруді өтінген ол Әбілхайырдың болашақта әлемдік жұлдыз болуын тіледі, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Димаш 7 жасар қазақ баласының әлемдік жұлдыз болатынын болжады

“Ағайын! Бұл біздің “Славянский базар” байқауында еліміздің намысын қорғаған кішкентай батырымыз! Небәрі 7 жаста болса да, қорықпай, ең үлкен халықаралық байқауға қатысып, еліміздің үмітін ақтап бізге үшінші дәрежелі жеңіс әкелген балапанымыз. Өзі байқаудағы ең кішкентай қатысушы болса да дес бермей, туымызды көтерген кішкентай жұлдызымыздың еңбегін елеп, құттықтап қойсаңыздар деймін. Әбілхайық, алға! Әлемдік жұлдыз бол, ботам”, – дейді Димаш.

Еске сала кетейік, 7 жасар Әбілхайыр Жұмабай “Славянский базар” байқауында жүлделі 3-орын алған болатын. Кезінде дәл осы байқауға Димаш Құдайбергеннің өзі қатысқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау