Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 20 жыл бұрын әкесінің анасына шығарған әнін жаңа ән етіп шығарды

Димаш Құдайберген “Сағындым сені” атты ән шығармақ. Бұл әнді 20 жыл бұрын әкесі анасына арнап шығарған, деп жазады Stan.kz.

Димаш

Димаш әнді әкесі мен анасының отау құрғанына 25 жыл толу мерейтойына арнамақ.

“Ата-анамның отау құрғанына 25 жыл толу мерейтойына орай “Сағындым сені” атты жаңа ән шығармақпын. Бұл әнді 20 жыл бұрын әкем анама арнаған екен. Ән осы айдың 20-ы жарыққа шығады. Қабыл алыңыздар”, – деп жазды Димаш желіде.

Әнші әннің сөзін жариялады.

“САҒЫНДЫМ…” Есіңде ме, арайлым,
Балаң көңіл, арай күн?
Нұрлы үмітпен жүруші едік
Тəтті сырлар ақтарып…
Кəусəр көңіл гүл ашып
Арманға арман ұласып
Жүректерде жатты анық… Қайырмасы:
Наз күлкіңмен əлдиленген
Айлы түнді сағындым
Өрнектелген əн- күйменен
Жан сырыңды сағындым…
Жаздың əсем таңдарында
Елітуші ем арманыңа…
Сол күндерді сағындым…
Сағындым, жаным… Қызғалдақтан аумайтын
Мені өзіңе баурайтын
Албырт шақтың бал күндері
Оралар ма қайтадан…
Жыл қосылды жылдарға
Уақыт шіркін тұрған ба?
Көңіл мұңды айтады əн… Қайырмасы :
Наз күлкіңмен əлдиленген
Айлы түнді сағындым.
Өрнектелген əн – күйменен
Жан сырыңды сағындым…
Жаздың əсем таңдарында
Елітушіі ем арманыңа
Сол күндерді сағындым…
Сағындым, жаным…

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау