Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дима Билан іш киіммен тұрып Астананың көркіне қайран қалды

Дима Билан Астанаға қонаққа келіп, концертте өнер көрсетті. Ресейлік әнші Астана қаласының әсемділігінен таңдана қарады.

Дима Билан желідегі парақшасында іш киіммен Астана көркіне таңғала қарап тұрған суретін салды.

«Мен Астанадамын. Ояна салып, жуынған соң осындай абсалютті футуризм түрлері көзіңе шалынады. Фильм түсіруге лайықты. Мына  қонақ үйдің көрінісіне қайран қалдым. Өзімді «2049 ұстарасымен жүгіруші» немесе «Пекло» фильмінің кейіпкері секілді сезініп тұрмын. Қалаға міндетті түрде қыдырып келу керек», – деп жазды әнші.

Әнші 15 тамызда Конгресс-орталықта өткен концертке қатысты. Концерт 22 шілдеде өтуі тиіс болған. Алайда Денис Теннің өліміне байланысты 15 тамызға ауыстырылған болатын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау