Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева жаңа сүйіктісін көрсетемін деп өкініп қалды (фото)

Ділназ Ахмадиева әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісінің суретін салды. Алайда бірнеше сағаттың ішінде бұл әрекетіне өкініп, суретті алып тастады.

2f3f83755fa0a41d2043a0ebeb3cb53c_big-1

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ділназ Ахмадиеваның сүйіктісінің “бір бөлшегін” ғана көрсететін әдеті жұрттың ашуын келтірді. Ол бірде сүйіктісінің иығын көрсетсе, енді бірде бетінің бір бөлшегін суретке түсіріп парақшасына салып қояды. Бұл жолы да солай жасады. Бірақ бұл әрекетіне бірден өкініп, бірнеше сағаттан кейін суретті алып тастады.

Ділназ жуырда ғана шаш үлгісін өзгерткен болатын. Сондықтан суреттің жақында түсірілгені анық. Мұнымен қатар, әнші шылдыр шүмегіне сүйіктісі сыйлаған жүзікті тағып жүр.

image

Алайда әншінің жазбалары екіұшты ой салады. Ол бірде сүйіктісінің бар екенін айтса, енді бірде бейтаныс жігіттің үлкен гүл шоқтарын сыйлайтынын тілге тиек етеді. Десе де, оның әріптесі Луина сұхбаттарының бірінде “Ділназдың жеке өмірінде барлығы жақсы. Бірақ ол тойға дайындалып жүрген жоқ” деп айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ әкесінің “Тақиялы періште” фильмінде ойнағанын айтып мақтанды

Ділназ Ахмадиеваға сүйіктісі жүзік сыйлады (фото)

Ділназ Ахмадиева сүйіктісімен бірге теңізде демалып жатыр (фото, видео)

Ділназ Ахмадиева тыңдармандарына сүйіктісі бар екенін оның жүзін жасыра отырып көрсетті (фото)

Ділназ Ахмадиеваның жүрегін жаулаған жігіт кім

Ділназ Ахмадиева 35 жасын Алматының төрінде тойлады

Талқылау