Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ділназ Ахмадиева тұрмысқа шығу және сәбилі болу туралы айтты

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева желідегі  парақшасында көпшіліктің сұрағына жауап берді. Әншінің желідегі оқырмандары оған бала, отбасы, тұрмыс құру жөнінде сұрақтарын жолдап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Ділназ Ахмадиева

Insta-Stories-те Ділназға «жоспарыңызда тұрмысқа шығып, балалы болы бар ма?» деген сұрақ қойылған.

«Мұндайды кім жоспарламайды?» – деп күлді Ділназ.

Сондай-ақ, оқырмандарының бірі әншіден қашан сәбилі болатынын сұрады.

«Мұндай сұрақ менің тарапыма емес. Жаратушы бұйырған кезде», – деп жауап берді әнші.

Сонымен қатар әнші орындалмаған арманы туралы да айтты.

«Гитарада және күйсандықта ойнауды армандағанмын», – дейді ол.

Желі қолданушыларының бірі Ділназдан өмірде, жеке өмірінде қаншалықты бақытты екенін сұраған. Сауалға жауап берген Ділназ өзінің бақытты әрі жолы болғыш екенін айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр