Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелесте түсірген бейнебаянын ұсынды (видео)

Ділназ Ахмадиева өзге әріптестері ұқсап хит іздеп әуре-сарсаңға түспейді. Әнші рейтинг үшін қара пиарға да бармайды. Есесіне ол сапалы ән мен бейнебаян таспалау жолына барын салады, деп жазады Stan.kz.

Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелесте түсірген бейнебаянын ұсынды

Қазіргі уақытта Ділназ АҚШ-та өтіп жатқан “Исина” атты ән байқауына қатысуда. Аталған жобаға Ділназды әйгілі АҚШ композиторы, музыкант Уолтер Аффанасьефф шақырған.

Ахмадиева АҚШ-та құр жатқан жоқ. Мұхиттың ар жағында болса да, бірер күн бұрын ол қазақ тілін қолдауға арналған “Сөйле, айналайын” флешмобына қатысты. Сондай-ақ, жеке шығармашылығын да ұмыт қалдырмайтын Ділназ Лос-Анджелесте жаңа бейнебаянын таспалаған.

“Со мной” атты трек әдеттегідей махаббат тақырыбына арналған.

 

Талқылау