Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ділнәз Ахмадиева қазақ тілі курсына барып жүргенін айтып мақтанды

Қазақ эстрадасында өз орны мен тыңдарманын қалыптастырып үлгерген Ділназ Ахмадиева қазақ тілін үйреніп жүр. Әнші алдағы уақыттағы мақсаттарын да айтып берді.

image-1-0-257826

Сурет: night.kz 

Бұл туралы Ахмадиева «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді.

Әншінің алдағы уақытта арманына жеткісі келетінін естіген жүргізуші Нұрлан Қоянбаев қол ұшын беретінін айтты. Алайда, әнші үш баланың анасы атанғысы келетінін, оған оның ешқандай көмек көрсете алмайтынын айтып өтті.

Бұдан бөлек әнші басынан кешкен қызықты оқиғасымен де бөлісті. Ол бір кездері сахнаға шығып ән айтар алдында аяқ киімін таппай, тығырыққа тірелгенін, құрбысының 38 мөлшерлі туфлиін киіп, ән айтқанда орнынан қозғала алмай қиналғанын күліп есіне алды.

Жіберіп алмаңыз:

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Ділназ Ахмадиева жұрттың көзінше жаңа сүйіктісіне алғысын жаудырды

Талқылау