Дильназ Ахмадиева Ерасыл Әубәкіров туралы естелігімен бөлісті

Жұма, 12 Ақпан , 2016 13:56

Елімізге белгілі әнші Дильназ Ахмадиева Инстаграм желісіндегі парақшасында Ерасыл Әубәкіровтің жақындарына көңіл айтып, оның жақсы қасиеттері туралы сөз қозғады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Астана” медициналық университетінің алтыншы курс студенті Марқұм Ерасыл әншінің есінде «X-фактор» жобасынан кейін қалған. Аталған жобада екі қызбен “Стиляга” атты топ құрып, сайысқа түскен. Дильназ ханым да өзге әріптестері секілді  Ерасылды іздеуде хабарламаларымен  бөлісіп, іздеу салған еді. Өкінішке орай, үміті ақталмады.

1

Ерасылдың жақындарына көңіл айтып: “Неткен жарқын жүзді жан еді! Өзі жап жас, позитивті! Көңілді, жаны әнге құмар, бауырмал әрі тәрбиелі… Есімің мәңгі есімізде қалады… Біз сені ұмытпаймыз!!! Жатқан жерің жайлы болсын”, – деп әнші марқұм жігіттің жақсы қасиеттерін еске ала отырып жазған.

Естеріңізге сала кетсек, 23 жастағы астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар 3 ақпанда тараған. Бір аптадан кейін балгердің көмегімен Ерасылдың өлі денесі қар астынан табылды. Дәл қазір өліміне қатысы бар деген 3 күдікті ұсталып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар