Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диетологтар тәттіден қалай бас тарту керектігін айтып берді

Диетологтар тәттіден бас тартуға көмектесетін пайдалы кеңестермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Жұмыс істегенде, фильм көргенде тәттіні жеген дұрыс емес. Дәрігерлердің сөзінше, жеп жатқан тағамға мән бермегенде, бізге тұтынатын тамақтың көлемін басқару қиынға соғады.

Шай мен кофеге салатын қанттың мөлшерін азайтып, тәттіні мүлдем ұмытып кетуге болады. Сонымен қатар, диетологтар калориясы жоғары газдалған сусындардан бас тартуға кеңес береді.

Диетологтардың сөзінше, адам тортты көп жеген сайын оның тәттіге деген құмарлығы да азаяды. Тек торттан кейін кофе, шай емес, су ішу керек. Мамандардың пікірінше, тортты көп жегеннен кейін адам тәттіге ұзақ уақыт бойы қарай алмай жүреді.

Тәттілер неғұрлым тәтті болса, денсаулыққа соғырлым үлкен зиянын тигізеді.

Ғалымдар 2019 жылдың төртінші ақпанында АҚШ-та жас буынның ракпен жиі ауыратынын мәлімдеді. Олар көбінесе осы дертке семіздіктің кесірінен шалдыққан екен. Америкада 12 қатерлі ісіктің біреуі семіздіктен пайда болады. Ал Ұлыбританияда жиырма қатерлі ісіктің біреуіне жоғарыда аталған ауру себепкер.

АҚШ-та 20-49 жас аралығындағы тұрғындар жеміс, көкөністің орнына фастфудты, тәтті сусындарды, тұзды жегенді жақсы көреді.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау