Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Диета ұстамаймын, фитнеске бармаймын": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін қалай күтеді?

Төрт баланы дүниеге әкелсе де, Жұлдыз Әбдікәрімова көркі көз тойдыратын, ел қызығатын келіншектердің қатарында. Алайда Қайрат Нұртастың жары сұлу қалпын сақтап қалу үшін аса тыраштанбайтын көрінеді.

 Жұлдыз Әбдікәрімова

Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Бірінші баланы босанғаннан-ақ тамақты кез-келген уақытта жемеймін. Қазір де диеталық тағамдарды әкеп беретіндер бар ғой, ондай емес. Барлығын жеймін. Тамаққа келгенде ананы жемеймін, мынаны жемеймін, семіріп кетемін деген қорқыныш жоқ. Ағза талап етеді ғой. Бірақ аз порциядан күніне 5 рет жеймін", - дейді Жұлдыз.

Қымбат салондарға бару не болмаса бренді иісмайлар қолдану - Жұлдыздың әдетінде жоқ. Себебі пайдалы нәрсенің ақшаға тәуелді еместігін әлдеқашан түсінген. 

"Бет күтіміне келетін болсам, арнайы салондарға жүгінбеймін. Қымбат иісмайлар алмаймын. Алып көргенмін, бірақ олардан аса пайда жоқ екеніне көз жеткіздім. Мен тек дәріханаларда арнайы дәрумендер қосылған кремдер болады ғой, қолжетімді бағадағы кремдерді пайдаланамын. Бетіме массаж алғанды жақсы көремін", - дейді Әбдікәрімова.
Қайраттың келіншегі дене мүсінін де сымбатты қалыпта сақтап қалу үшін темір-терсек көтеріп, әуре болмайды. Себебі:

"Қазір ешқайсысына қатыспаймын. Осыдан 3-4 жыл бұрын қатысқан кезде қатты азып кеткенмін. Құр сүйек болып қалдым, өзіме де жаққан жоқ, туыстарыма да ұнамады. Фитнесті қалдырып, өзімні бұрынғы қалпыма келіп алайын дедім. Негізі айналысқан дұрыс",-  дейді Жұлдыз. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр