Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Кәден екінші рет отбасын құрмақ

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Дидар Кәден екінші мәрте отау құруды ойлап жүрген көрінеді. Серінің өткенге еш өкпесі жоқ. Танымал блогер Aeka Posh-пен ажырасқан Лидия Кәденованың ұлы жеке өміріндегі өзгерістер жайлы айтып берді.

Дидар Кәден екінші рет отбасын құрмақ

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Дидар Кәден мен Айым Алтынбекованың дүбірлі тойы 2015-ші жылдың қарашасында Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде дүркіреп өткен еді. Қуанышты күннің басты кейіпкерлері – Дидар мен Айым араға бір жарым салып ажырасып кетті. Бүгінде бойдақ жігіттің желідегі посттары романтикаға толы.

Соңғы кездері Дидар, қыздармен түскен суреттерін инстаға жиі жүктеп, поэзияға да құштарлығы оянып жүр…

“Мен ақын емеспін негізі. Бірақ шумаққа төрт жолдып, өзімнің қиялымдағы аруларға немесе әзіл ретінде өзімнің инстаграмдағы парақшама саламын”, – дейді Дидар Кәден.

Әншінің нәзік жындылармен жиі жүздесуі тегін емес. Дидар сүйгенін жолықтырып, сәтін салса екінші рет шаңырақ көтеруді жөн деп шешіпті.

“Өмір ғой! Талай нәрсе көріп жатырмыз, ағаларымыздан да естіп жатырмыз. Кейбіреулер түсінбей жатады. Бұл заманауи тенденция болып кетті дейді. Жоқ, бұл бір Аллаға ғана белгілі нәрсе. Бірақ Құдай қаласа, екінші рет шаңырақ көтерем”, – дейді Дидар.

Бірақ жұлдызды жанұяда, дәл қазіргі таңда келін тақырыбы талқыға түспейді. Өйткені Лидия ханым ұлының тағы бір мәрте қателескенін қаламаса керек.

“Келін тақырыбы шыны керек қозғалған жоқ әлі. Енді немересі бар. Ұлым өссін. Ол енді міндетті түрде күндердің күнінде болатын әңгіме ғой. Бірақ дегенмен әзірге 2-3 жылдың көлемінде, талқыланбайтын сұрақ-ау деп ойлаймын өзім”, – дейді Дидар.

Алғашқы жарымен қайта қосылу Дидардың жоспарында жоқ секілді және ол жайлы жақ ашуға да құлықсыздау.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау