Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Кәден: Анам әкем қайтыс болғанын ести тұра комедиялық рөлін сомдады

Қазақ эстрадасында Дидар Кәден атты әншінің барын көпшілік біле бермейді. Өйткені, әнші жігіт әкесінің ауыр қазасынан кейін сахнаға шығып өнер көрсетуге ұмтылмаған-ды. Ал анасы бұл ауыр қазаны ести тұра, көрермендер алдына шығып, екі сағат бойы комедиялық рөлін сомдаған.

00

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есімі де құжатта Ермек Дидар Ермекұлы деп жазылған. Ал анасының тегімен ән айту – өз шешімі. Қазіргі таңда отандық телехикаяларға әуен жазып, композиторлық қырымен танылып жүр. Анасы әнші болмай, актер бол деген кезде де құлақ аспай, өз жолын таңдаған екен.

Дидар Кәден “Аналар” бағдарламасында анасы Лидия Кәденнің жан-жақты әрі қамқор екенін тілге тиек етіп қана қоймай, оның қайсарлығының алдында бас иетінін айтты. Бұл сөздерін мынадай оқиғамен байланыстырды.

image

“Әкемнің бірінші қабатта пәтері болатын. Өзімнің кілтіммен аша алмағандықтан, үйді айналып өтіп, терезеден қарадым. Әкемнің қайтыс болғанын бірінші мен көрдім. Достарының бірі хабарласқан болар, әйтеуір сахнаға шығарда анам естіді. Бірақ екі жарым сағат бойы комедиялық қойылымды ойнап шықты” деп халық анасының бұл әрекетін  осы күнге дейін түсінбейтінін айтып, іште бұғып жатқан ренішін білдірді.

Бұдан өзге “Қанша жыл қасында серік болды деген адам қайтыс болды дегенді естігенде, жалпы өзім анамның орнында болсам шыдамас едім” деп анасының бұл әрекетіне таңқала қарағанын да жасырмады.

05

Лидия Каденованың 18 жастағы Айым Алтынбекова атты келіні бастапқыда енесінің кім екенін білмеген екен. Осы күнде ол кісіні жақын танитын Алтынбекова сырттай суық болып көрінгенімен, шынайы өмірде өзгелерге көмектескісі келіп тұратын жақсы адам екенін айтты.

Өмір мен өнер атты теңізде қатар жүзген достары да жарымен ажырасып қанша қиыншылық көрсе де, актрисаның сыр білдірмегенін айтып жатыр. Күні кеше балаларының бірге болуына қарсы болған құдаларымен де осы күнде сөзі жарасып, өткен жылы “Парасат” орденінің иегері атанды.

Талқылау