Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Амантай қызды болды

Дидар Амантай мен Гүлбаршын Тергеубекованың шаңырағында іс тігер дүниеге келді. Туысқандары мен желі қолданушылары танымал жұпты жарыса құттықтап жатыр.

Дидар Амантай қызды болды

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Дәстүрлі әнші Гүлбаршын Тергеубекова мен ақын әрі жазушы, кинематографист Дидар Амантай шаңырақ көтерген-ді. Енді міне танымал жұп қызды болып жатыр. Қуанышты хабарды Дидар Амантайдың өзі инстаграм парақшасы арқылы бөлісті.

“Рәбия-Сұлтан-Бегім дүниеге келді. Бүгін. Біздің қызымыз. Оған рахмет. Алғысым шексіз” деп жазады Дидар Амантай өзінің инстаграм парақшасында.

Қос өнерпаз ұзақ уақыттан бері қарым-қатынастарын жасырып келген болатын. Десе де, ақын арасында сүйіктісіне деген сезімін өлеңі арқылы жеткізуді жөн көретін. Гүлбаршын Тергеубекова мен Дидар Амантай да Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Дәстүрлі әнші ұзақ жылдан бері екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Ол отандық бағдарламалардың бірінде басының бос екенін айтқан болатын.


Қыздардың 575 мұсылманша есімі мен олардың мағынасы >>>

Талқылау