Диана Шарапова жаңадан алған зәулім үйін көрсетті (видео)

Әнші Диана Шарапова нағыз алматылық атанды. Өнер иесі отбасымен бірге зәулім үйге қол жеткізді. Роман Миронов пен Диана Шарапованың жанұясы бұған дейін пәтер жалдап тұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Диана Шарапова жаңадан алған зәулім үйін көрсетті (видео)

Қуанышы қойнына сыймаған әнші бұл жаңалығымен желідегі ресми парақшасында бөлісті.

“Әлі сене алмай тұрмын! Отбасымыздың басшысы Рома біздің арманымызды орындады. Енді біздің өз үйіміз бар. Үй болғанда да қандай үй! Пәтер жалдап тұрғандар мені жақсы түсінетін шығар. Біреудің үйінде жайлылық орнатып, бірдеңені жөндеуге де құлық жоқ. Себебі кез келген сәтте пәтерді босату туралы талаппен үй иесі келуі мүмкін.

Үй сатып алу туралы ойдың иесі күйеуім екеніне қуаныштымын. Ол көптеген үйлердің арасынан осыны таңдады”, – деген Диана Шарапова хан сарайындай үйінің артықшылықтары туралы айта бастады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Diana Sharapova (@dianasharapova_official)

“Үй жылы әрі жарық. Тауда орналасқан үйге күн сәулесінің түсіп тұрғаны аса маңызды. Аудан да стратегиялық тұрғыдан өте дұрыс таңдалған. Таудың таза ауасы мен қала орталығына 10 минутта жетуге болатындай жағдай жасалған. Рома отбасымыз үшін ең мықты үйді тапты. Біздің үйден кеңсеге және балабақшаға кептеліссіз 20 минутта жетуге болады. Үйдің жанында аялдама бар, қоғамдық көлік те жүреді”, – деп мақтанды әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар