Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова жалаңаштанған қыздарды сынайтын халықты “ұятмендер” деп атады (видео)

Әнші Диана Шарапова «Полетим» бейнебаянында ашық-шашық киінгені үшін халықтың сынына ұшырады. Жұрт қазақ эстрадасындағы қара қызды эротикалық сипаттағы киімі үшін сөкті.

Screenshot_10

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Диана Шарапова жақында ғана жаңа туындысының тұсауын кесті. «Полетим» деп аталатын ән жұрттың ашуын келтірді. Анығында ән емес, бейнебаян. Туындыда Шарапова шомылу киімінің бірнеше түрімен көрінеді. Халықты дүрліктірген де осы киімдер.

Бейнебаянның алғашқы кадрларын Инстаграм желісіне салған Шарапова: «Менің жаңа туындым ұятмендерге және демалысқа барып үлгермеген жандарға арналады!» – деп жазған еді. Әнші қыз осы сөзімен-ақ ашық-шашық киінген қыздарды сынап-мінейтін елді келемеждеген сыңайлы. Әрине, мұндай сөзден кейін жұрттың шу ете қалуы заңды нәрсе!

Ал ғаламтор белсенділері бұл орайда да екіге бөлінді. Диананы жақтап, мақтағандар да, жерден алып, жерге салғандар да бар.

Желі қолданушыларының бір легі: «Керемет бейнебаян. Жалпы Диананың шығармашылығы да керемет», – деп жазса, келесілері: «шомылу киімімен шығып несі бар?», «дым дауысы жоқ», «бейнебаян да жиіркенішті», – деп пікір білдірген.

Иә, «талғамда талас жоқ». Көрерменнің бірі Диананың дауысын ғажап санаса, екіншісі мүлдем талантсыз екенін айтуда. Ал бейнебаянға келсек, «ұятмендер» деп келемеждегенше, батыстың емес, Қазақстанның сахнасында жүргеніңізді еске алып, бұл елде де өзіндік менталитет бар екендігін ескергеніңіз жөн болар, Диана ханым!

Всем УЯТМЭНАМ, а так же тем, кто не успел полететь отдохнуть, посвящается мой новый сингл “Полетим”. Видео уже доступно на @gakkutv и @tntmusicru. Полетим, туда где больше парусы, выше градусы. Полеетииим! #полетим #дианашарапова #уят #тнтmusic #gakkutv @musicalybest @musically_cover @rutalant @rucover @musically_rus @sound.beat @musicalrussia #rucover #musically_rus #musicalrussia #голоснапервом #голос3 #voice1tv #dianasharapova_official #певицагода2016 #новыйклип #новаяпесня #лето

Видео опубликовано Diana Sharapova (@dianasharapova_official)

 

Жіберіп алмаңыз: 

Диана Шарапова отбасымен Тайландта демалып жүр (фото, видео)

Диана Шарапова мектеп түлектерінің әнұранын жазды (видео)

Диана Шарапова шәкіртімен бірге бейнебаян түсірді

Диана Шарапова өз концертінің билеттерін өзі сатып жүр

Талқылау