Диана Шарапова «Ninety One» тобына бәсекелес болмақ

Диана Шарапова өзінің кезекті бейнебаянын таспалауда. Әнші бұл жолы жастардың жүрегін жаулап алмақ. Тіпті, ол q-pop бағытында ән айтып, рэп оқуға да бел буыпты.

Диана Шарапова

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Диана Шарапова екінші рет ана атанғалы өнер жолында бір жыл үзіліс жасады. Әнші сахнаға жаңашылдықпен оралу үшін ұзақ дайындалдым дейді.

“Қызым 1 жасқа толды, мен бұл уақытты көп күттім. Әнім «О, Марьям» деп аталады. Қарапайым әнге рэп қосып, жаңаша бағытта ұсынбақпыз”, – дейді Диана Шарапова.

Жаңа образ ерекше стильмен тың туындыға бейнебаян таспалап жатқан Диана, заманауи ағымнан қалғысы келмейді. Жастардың жүрегін жаулап алам деген Шарапова, батылдық танытып, тіпті рэп оқуды да байқап көріпті.

“Мен ең алғаш рет рэп оқымақпын. Мамандар өз пікірін айтсын, сыннан да қорықпаймын. Тек, менің вокалым сол бұрынғыдай, соул жанрында қалады”, – дейді Диана Шарапова.

Сыни пікірден қорықпайтын әнші шығармашылығына білек сыбана кірісіпті. Өнер иесі бейнебаяннан бөлек, жаңа альбом да жазып қойған. Ерекше жанрды байқап көрген Шараповаға бұл тың тәжірибе болып отыр.

“Біз жаңа композитормен алты трек жаздық. Тек қазақша әндер болады. Ал, менің жаңа туындым, өзге ұлт өкілдерінінің де көңілінен шығады деп үміттенемін”, – дейді Диана Шарапова.

Диананың q-pop жанрына қосқан үлесіне, алдағы уақытта баға бере алатын боласыздар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар