Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақша ән Кубада хитке айналды (фото, видео)

Диана Шарапова мен Dj Umbertoның қазақ тіліндегі әні «Бостандық аралының» клубтарында қойылып жүр.

20160216104733

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қайдасыңдар, достарым» бейнебаянын кубалық Dj Umbertoмен бірге түсірген. Бұл ән қазір қазақстандық клубтарда да хитке айналды.

«Әннің ерекшелігі онда испан тіліндегі реггетон элементтері ойналады. Ондай әндер біздің эстрадада әлі жоқ», – деді әнші.

20160216104729
Айта кету керек, бұған дейін Диана Шарапова ресейлік Сергей Зверевті қазақша сөйлеткен болатын. Жұлдызды жұптың «Ты не пришла на новогодний бал» әні көпшіліктің көңілінен шықты.

20160216104725

Талқылау