Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова әріптестеріне той бизнестен бас тартуға кеңес берді

Диана Шарапова Қазақстан қалаларын аралап, гастрөлдік сапарға шығады. Әнші өз репертуарындағы әндер мен тірі дауыстың елді-мекендердің мәдени өмірінің сапасын көтеретіндігіне сенімді. Мұнымен қатар, әріптестеріне той бизнестен біраз уақыт бас тартуға кеңес берді.

image

Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.

Шарапованың айтуынша, мұндай сапарға Отаны мен өнерге деген махаббаттың күштіліген шықпақ. Тыңдармандарының барлығы Шарапованы өзінің мерекелік кешіне шақыра алмайды, әрі қала аралап сирек концерт береді. Бұл жолы өнерін тамашалауға барлығының мүмкіндігі болсын деген ниетпен билет құнын 1 000 теңгеден бастап, 3 500 теңгеге дейін етіп белгілеген екен.

uzn_1419635189

“Танымал жұлдыздарымыз Қазақстан қалаларын аралап дәл осындай концерт беретін болса, мен қарапайым халықтың мәдениеті орташа есеппен үш есе артатынына сенімдімін. Желі қолданушылары менің арнайы шақыртуларға баратынымды көрген соң Instagram желісіне мына қалада немесе ана қалада концертімнің қашан өтетіндігін сұрайды. Қазақстандықтар жанды дауыстағы сапалы әуенді тыңдағысы келеді, алайда соңғы кездері елді-мекендерге көп жұлдыз ат басын бұрмай кетті”, – деп әнші әріптестеріне салмақты ой тастады.

15256858253_60947d551f_z

Әншінің жақын күндердегі концерті Шымкент, Кентау, Қызылорда, Тараз және Байқоңырда өтеді.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Диана Шарапованың алғаш рет Ресейдегі қызыл кілемнен жүріп өткені туралы жазған болатынбыз.

Татьяна Куан

Талқылау