Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана: Күйеуге тиіп мәселе арттырғанша, текті адамнан бала көріп, өзім өсіргім келеді

Тұрмысқа шықпасам да, өзім үшін нәресте туып аламын! Елімізде осылай ойлайтын қыз-келіншектер қатары жыл санап көбеюде. Ондай қыз-келіншектер ғаламтор арқылы текті ер азамат іздеуді күн санап көбейтіп жатыр,-деп жазды Еуразия Бірінші арнасы.

Бұл қадамға олар тек жалғыз қалудан қорыққандықтан бара ма? Жалпы, нәзік жандардың мұндай шешім қабылдауына не себеп?

 

“Текті еркек” іздеймін. Мұндай хабарламалар ғаламтор беттерінде шаш етектен. Көбіне оң жақта отырып қалған, 30-дан асқан қыз-келіншектер жазба қалдырған. Бәрінің мәселесі ұқсас. Тұрмысқа шықпаған, материалдық жағдайы жақсы. Жар таппаса да, өзім үшін нәресте туғым келеді, дейді.

«Өзіме бала туғым келеді. әрине, менің шешім бәріне ұнамайды. бірақ уақыт өтіп бара жатыр. Жасым 34-ке келді. Ана бақытын сезінгім келеді. алайда, арманымдағы жігітті кездестіре алмадым»,-дейді Лаура.

«Менің жасым 42-де. бала деп жүрген ел ағаларынан бала тусам ба деп едім. Мен жеңіл жолда жүрген қыздардың бірі емеспін. Мен жоғары білімді, үлкен постта отырған жанмын. Қызмет деп жүріп уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамаппын»,-дейді Баян.

«Менің жасым 33-те.  Шетелде білім алғанмын. Тұрақты жұмысым бар. Алайда, жеке өмірімде тыныштық. Уақытым өтіп бара жатыр. Сол үшін баланы өзіме туғым келеді»,-дейді Әлия.

Мәселен,  Диана да тұрмысқа шыққысы келмейді. Алайда сәби сүюге қарсы емес. Жасы 28-де. Жоғары білімді. Өзінің пәтері мен көлігі бар. Жеке бизнеспен айналысады. Сол себепті, баланы тәрбиелеп өсіруге мүмкіндігім  де, қауқарым да жетеді дейді.

«Тұрмыс құрып, жанжал шығып күйеуім сабағанды қаламаймын. Әрине бес саусақ бірдей емес. Еркектерге сөз көтермеймін. Сол себепті, өз керекті баламды тауып, жағдайымды жасап отырғым келеді. Ата-анам қарсы емес, құрбыларымда қарсы емес, керсінше қолдау беріп отырады» – қала тұрғыны Диана.

Бейресми деректерге сүйенсек, елімізде тұрмысқа шықпаған 25-55 жас аралығындағы қыздардың саны 350 мыңның үстiнде екен. Жаға ұстатарлық жәйт.

Сондықтан да жалғыздықпен өмір сүргеннен гөрі, балалы болып «ана бақытына» бөленгені артық, деп есептейді психолог мамандар. Ал мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиеваның «өзі үшін бала туғысы» келетін келіншектерге қатысты айтар уәжі мынадай:

«Енді ол енді әйелдің шешімі ғой! Өзіме бала тауып аламын. Тұрмысқа шықпадым, отбасылы болмадым.

Енді өмірде жалғыз болмайын деп, дүниеге баланы алып келген. Бірақ ондай шешімге келгенде,ол ойлану керек. Ол балаға ертең қандай тәрбие беремін, жағдайын жасай аламын ба жоқ па? Ол жауапкершілік. Егер бәрін істей аламын десе, жөн!» – ҚР Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Диана мұндай шешім қабылдаған қыз-келіншектерді айыптаудың түк қажеті жоқ дейді. Себебі, елімізде ерлі-зайыптылар арасында болып жатқан оқыс оқиғалар жетерлік. Ажырасып, отбасында зорлық-зомбылық көргеннен гөрі, алаңсыз баланы бағып-қаққаным мың есе артық деген пікірде.

«Неше түрлі оқиғалар көріп отырмын. Алысқа бармай-ақ қояйын. Құрбым тұрмысқа шыққан. Күйеуі ішпейді, шекпейді. Бірақ орынсыз әңгімелері көп. Ұрады соғады. Ол өсіп жатқан балаға теріс әсерін береді» – қала тұрғыны Диана.

Әлеуметтанушы Рамазан Салықжанов бұл қадамға тек оңаша қалудан қорыққан қыз-келіншектер баратынын айтады. Себебі, 30 жастан кейін үйленетін жігіттер некен саяқ. Ал баланы табу оп-оңай.

Дегенмен, тұрмысы түзу, ақылына көркі сай қыздарымыздың тым өзімшілдігі тексіз ұрпақтың көбеюіне әкеп соғады. Ал «өзекті мәселені шешудің ең оңтайлы жолы – қыз-баланы дер кезінде ұзату» дейді мамандар.

Оқи отырыңыз:

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Айнұр Тұрсынбаева: Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Жерлеуден кейін берілетін ас мәзіріне шектеу қойылды

Талқылау