Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприоның Ресейлік егізі реалити-шоудың жұлдызы атанбақ

Әйгілі актер Леонардо Ди Каприоға бет-әлпеті ұқсауы себепті, БАҚ өкілдері байқап қалып, тез арада интернет-танымалдылыққа ие болған Подольск қаласының тұрғыны Роман Бурцев енді реалити-шоудың кейіпкері атанбақ.

68992-2016-01-17-18-14-57

Бұл туралы Лента.Ру хабарлайды.

Бурцев “Москва 24” телеарнасындағы бағдарламаға қатысады. Шоу барысында оның сыртқы келбеті де өзгеріске ұшырамақ екен.

112 құтқару қызметінің техникалық сарапшысы болып істейтін 33 жастағы Бурцев, жұрттың бәрі оның сыртқы түрін Голливуд актеріне ұқсатуы, оған күтпеген жерден танымалдылық ап келген.

Сондай-ақ, Роман оған әйелдердің көптеп қызығушылық таныта бастағанын да жасырмапты.

Бурцев, өзінің Ди Каприоға ұқсауы, оған өмірінде қандай да бір көмек алып келеді деп үміттенеді. Оның үстіне, егер жақсы сценарий мен мықты режиссер болса ол киноға түсуге де қарсы емес екен.

Подольск тұрғыны Ди Каприоның бар болғаны екі киносын ғана бастан аяқ қарап шығыпты: “Жанкешті” және “Бастапқы”. Ал “Титаникті” тек жартылай ғана көріпті. Себебі, ол ондай “махаббат ертегісін” ұнатпайды екен.

41 жастағы Леонардо Ди Каприо – актер әрі продюсер. “Титаник”, “Нью-Йорк бандасы”, “Авиатор”, “Уолл-стрит қасқыры” т.б. картиналарда ойнаған.

Талқылау