Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприоның орыс «сыңары» «Оскар» сыйлығын алды

Америкалық актер Леонардо Ди Каприоға ұқсайтын мәскеулік Роман Бурцев «Оскар» сыйлығын алды. Бұл сыйлықты оған тележүргізуші Ангелина Вовк тапсырды.

328046

Сурет: ntv.ru сайтынан алынды

Ресейде Ди Каприоға ұқсайтын компьютерші Роман Бурцевті «Оскар» сыйлығымен марапаттауды жөн көрді. Марапаттау салтанатына америкалық академия мүшелері қатысқан жоқ. Оның орнына «Говорим и показываем» бағдарламасының жүргізушілері қатысты.

«Оскардың» өзі де жасанды болғанымен, оны түпнұсқадан айыру қиын. Оның үстіне Бурцевке ескрткішті көлденең біреу емес, Ангелина Вовктың өзі тапсырды.

«Қымбатты, Леонардо, сізге әлемдік киноөнерінде сіңірген еңбегіңіз үшін «Оскар» сыйлығын тапсыруды рұқсат етіңіз. Сізді шын жүректен құттықтап, жаңа рөлдерде ойнауды тілеймін», – деді Вовк ескерткішті беру сәтінде. Және Америкалық киноакадемияның марапаттау кезіндегідей оның бетінен сүйіп тапсырды.

Бурцев те рөлге кіріп, еш қымсынбастан «Барлықтарыңыз рахмет. Мені қолдап отырған туыстарыма, достарыма, таныстарыма алғысымды айтамын!»,- деді. Тіпті, ол жатақханадан қашып, Ди Каприо секілді экран жұлдызы болғысы келетінін де айтты.

Оған бағдарлама барысында Ди Каприомен кездесіп, ұсынысын айтуға кеңес берді. Тіпті, Ангелина Вовк Сан-Францискоға бару үшін оған ұшақ билетіне ақша жинап беретіндерін айтты.

Талқылау