Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ди Каприо Владимир Путиннің бейнесін сомдағысы келетінін айтты

“Оскар” сыйлығына бірден-бір үміткен Леонардо Ди Каприо Ресей президенті Владимир Путиннің рөлін ойнағысы келеді екен. Бұл туралы актер 16 қаңтар күні немістің Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында айтқан.

_GuP1yCr_vw

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

“Путинді сомдап шығу өте қызық болар еді”, – дейді “Алтын глобусты” үш мәрте иеленген актер.

Ол сондай-ақ пролетариаттар көсемі Владимир Ленин мен Григорий Распутиннің де бейнесін экранға алып шығуға қызығатынын айтыпты. Оның ойынша орыс тарихын көрсететін фильмдер көптеп шығуы тиіс.

“Өйткені Ресей туралы көптеген құнды тарихи оқиғалар бар. Бұл актерлер үшін таптырмас дүние”, – деп түсіндірді америкалық Ди Каприо.

Кездесу барысында саясат туралы ғана емес, олар барыстардың қорғалуы туралы да сөз етіпті.

Актердің италиянд, неміс және орысқа да қатыс бар. Оның анасы мигранттар Вильгельм Инденбиркен мен Хелен Инденбиркеннің отбасында (Елена Степанова) дүниеге келген. Қазан революциясынан кейін екі жасар Смирнова ата-анасымен Германияға көшіп келеді. Актердің өзі орысша сөйлемейді, бірақ, 2008 жылы өмірден өткен оның әжесі орысша білген екен.

14 қаңтар күні Ди Каприо “Жанкешті” фильміндегі “Үздік актер” рөлі номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығына үміткерлердің қатарына бесінші мәрте енді. Ертеректе ол “Авиатор”, “Қанды алмаз” және “Уолл-стрит қасқыры” картиналары арқылы әйгілі сыйлыққа үміткер атанғанымен жеңіске жете алмаған болатын.

Талқылау