Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутатты шошытқан әжетханаға қатысты Шымбұлақ әкімшілігі жауап берді

Шымбұлақтағы әжетхана мәселесі Мәжіліс депутатын таң қалдырды. Тау шаңғы кешеніндегі қызмет сапасын сынға алған Нұрлан Жазылбековтің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

shimbulak_2

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Шымбұлақта шаңғы тепкен шетелдіктер талапқа сай әжетхана таппай, түзге дәрет сындырыпты. Себебі ағаштан салынған сұрықсыз нысанға кіруге олардың батылы бармаған. Осыны көрген халық қалаулысы өте ыңғайсыз жағдайда қалғанын ашына айтты. Алайда депутаттың сынына ұшыраған Шымбұлақ әкімшілігі ағаштан салынған әжетхана құтқарушыларға арналған дейді. Ал дәрет қысқан демалушылар төменгі сырғанау алаңдарына барып қажеттілігін өтей алады екен. Дегенмен бұл жауапқа қанағаттанбаған Жазылбеков, әйгілі демалыс кешеніндегі әжетхана мәселесіне үкіметтегілердің араласуын сұрады.

«Жоғары шығып әжетханаға төмен түсу ол енді дұрыс емес. Онда үшінші Талғар тауында істемеу керек әжетхана жоқ болса. Мен өзім көргенім елдер әжетханаға емес, далаға барып жатқанын көрдім»,-дейді Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков

Талқылау