Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттардың қонақ үйіне 8 миллион емес, 51 миллион теңге бөлінген болып шықты

Депутаттардың қонақ үйіне қазынадан кеткен шығын 8 миллион емес, 51 миллион теңге. Бірқатар Бұқаралық ақпарат құралдары бүгін конкурстың хаттамасын жариялап, жаңа сандарды айтты.

soluxe-hotel-astana

Сурет: realkz.com 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда Парламенттің шаруашылық басқармасы бірер күн бұрын шығынды 8 миллионнан аспады деп сендірген. Басқарма сандардан тағы шатасты ма? Депутаттардың күнкөрісіне мемлекет қанша жұмсады?

Өзін “тәй-тәй басқан депутатпын” дейді Марат Бопазов. Талдықорғаннан келгеніне екі айдан аспаған халықтың немесе “Нұр Отанның” қалаулысы елордаға енді үйреніп жатыр екен. Жетісу сияқты жылулығы жоқ желордада жүргенімен, бір апта бұрын жайғасып алған “Нұрсаяны” нұрлы да, саялы да дейді. Ал “Пекин паласта” тұрған он бес күні үшін мемлекеттің қанша төлегенінен бейхабар. Тек жұрттың даурығып депутаттардың ішкен-жегені мен тұрмысын талқылап жатқанына ренжулі.

“Ешқандай алып кетіп бара жатқан артықшылығымыз жоқ. Комиссия шешімі түсті, бұрыннан тұрған мебельмен берді. Актімен қабылдап өткізді, мен қабылдап алдым. Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан дейді ғой”, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Марат Бопазов.

Ал Астана ғалымдары депуттарға ренжіп жүр екен. Депутаттардың қонақ үйі үшін қазынадан кеткен 50 миллион деген соманы естігенде “төбе шашым тік тұрды” дейді ғалым Бақыт Алтынбасов. 10 жыл сабақ беріп, Астанада пәтер жалдап күнелткен оқытушы  “ғалымдар жатақханасына” әрең қолы жетіпті. “Нұрсая” іспетті элит класс болмаса да, жарайды. Тек, жалақымды түгел пәтер жалдауға жұмсамасам болды  дейді.

“Депутаттар жағдайы нашар халық емес. Олардың барлығының жағдайы өте жақсы. Өздерінің үйлері де бар алып қойған. Сондықтан олардың жылағандығы болмас. Ғалымдар күнін әрең көріп жүр. Қай жақтан 129 мыңға нөмір. Әрең жүр ғой, – дейді ғалым Бақыт Алтынбасов.

Жұрттың бәрі осылай наразылық білдірген соң, “Пекин паластағы”  31 депутаттың 15 күніне небәрі 8 миллион кетті деп Парламенттің шаруашылық басқармасы айтқан. Бірақ бүгін БАҚ өкілдері соманың шын мәнінде 51 миллион теңге екенін тағы жазды. Біз осы сұрақты басқарманың өзіне қойдық.

“51 млн-ға договор жасасқан. 8 млн-ға по факту оплатасы жүргізілген. Қалған ақша үкіметке қайтарылады, – дейді маман.

Басқарма, бұл соманың бір жыл үшін есептелгенін айтты. Себебі сатып алу, 12 айға жүргізіледі екен. Бірақ депутаттар бар болғаны жарты ай тұрып, 40 миллионнан артығын “үнемдеп” алдық деген шаруашылық қалған қаржы міндетті түрде қазынаға қайтарылады деп сендірді.

Жіберіп алмаңыз:

Парламент жаңа депутаттарға неліктен элиталық қонақ үйді таңдағандарын түсіндірді

Талқылау