Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттардың қонақ үйінен артылған 40 миллион теңгенің қайда кеткені белгісіз

Депутаттардың қонақ үйінен артылған 40 миллион теңгенің қазынаға қайтарылған-қайтарылмағаны бір апта өтсе де, белгісіз. Тіпті бюджеттің жұмсалуын бақылайтын бас органның өзі ақшаның қайда екенін білмейтін болып шықты.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Есеп комитеті әдетте “Президентке тікелей бағынып, есеп беретін біз” деп жиі бас көтеретін. Бірақ бүгін комитет төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәжілісмендердің элит класты қонақүйдегі күндері үшін мемлекет шығындалған 40 миллионның қайтқан-қайтпағанын білмейтін болып шықты.

30 депутат 15 күнде ел бюджетінің 8 миллионын жұмсап, «Пекин паласта» жатып қайтқанын білесіздер. Бірақ әуел баста бұл «жайлылық» үшін мемлекет 8 миллион емес, 51 миллион теңге берген. Мұны БАҚ жарыса жазған бетте, парламент шаруашылығы 43 миллионды қайтаратынын айтып ақталған. Алайда шығын есебінсіз қаржының қазынадан бөлініп кеткенінен құзіретті органдар еш әбестік көрмейді.

Жаңадан құрылған мемлекеттік қызмет істер министрлігі парламенттің «сатып-алуынан» «шикілік» көрмегенімен, өзге шенеуніктер арасында тендерден жегендер жетеді деп отыр. Ал жалпы жыл басынан бері 3,6 миллиард теңгені жеді деген шенеуніктерге үкім шыққан. Мыңнан астам қылмыстық іс бойынша бюджет көрген шығынның жартысы ғана қайтарылыпты. Ал Қазақстан жемқор елдер арасында 123 орынды алып тұр.

 

Талқылау