Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар отандық сыраны жарнамалауға рұқсат сұрауда

Депутаттар отандық сыраны жарнамалауға салынған тыйымды алып тастауды талап етуде, – деп хабарлайды КТК.

пиво

Қазақстанда отандық сыраны ашық жарнамалауға қайта рұқсат етілуі мүмкін. Депутаттардың пікірінше, елді өндірілетін алкоголі аз сусындарды телеарналарда жарнамалау ауадай қажет. Себебі, сыраны жарнамалауға тыйым салынғалы бюджет сатылымнан салық ретінде түсетін қаржыдан қағылып отыр.

-Жарнама жасауға біз жол ашуымыз керек. Себебі, қазіргі кезде Ресейдің өндірушілері бұл жерде, тіпті өзіміздің елімізде де олар өз тауарларын жарнамалап жүр. Ал біздікілерге ол жағынан тыйым салынған, -деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Елдегі телеарналарда спирттік ішімдіктердің жарнамасы соңғы рет осыдан он жыл бұрын көрсетілген. Содан бері алкогольді насихаттауға қатаң тыйым салынған. Алайда, отандық зауыттар жылына 50 миллионға жуық декалитер сыра шығарады. Енді телеарналар мен газет-журнал өкілдері болса, Үкіметке хат жолдамақ. Медиақұрылтай мүшелері биліктен балалар ұйқыға кеткенде, түнгі уақытта сыраны жарнамалауға қайта рұқсат етуді сұрамақшы

Талқылау