Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

“Әр қазақстандыққа тегін жер телімі берілсін” деп жұрт шу шығарған соң, президент арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырғаны естеріңізде болар.  Үш айдан кейін “Нұрлы жерді” үкіметте таныстырған министрлік бүгін бағдарламаны депутаттар алдына алып келді.

самолет

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мәжілісмендер құжатқа қарсы емес, бірақ бір қауіптің барын айтып қалды. Қысқасы, жаңа жылдан кейін  депутаттар, ел-жұртты өздері  аралап,  бағдарламаны халыққа өзіміз түсіндіріп береміз деп білек сыбанып отыр.

Елде 2 жарым миллионға жуық адам үй-күйсіз. Жартысынан көбі тегін телімге телміріп, жер үй сұрап отырса, қалған 1 миллиондайы пәтерге дәмелі. Жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бұқара ипотеканы енді 10 пайызбен ала алады. Ай сайын Астана мен Алматы тұрғындары баспанасы үшін 160 мыңдай төлесе, өзге өңірдегілер 115 мың банкке беріп отырады. Министрлік су тегін деген соманы естіген депутаттар дүрсе қоя берді.

“Егер құны 200 мың болса, қайдан қолжетімді болсын? Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы 70 мыңнан көп емес. Сонда олар мұндай деңгейге қашан жетеді?”, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Жер үйдің жайы тіпті бөлек. Құрылыс компаниялар бірдей етіп баспана салады, шаршы метрін 100 мың теңгеден асырмай сатады. Тұрғын үй жинақ банкі арқылы халық жер үйді 5 пайызбен алады. Демек, ай сайын 70 мың теңге банкке беріп отырады. Баға ойға қонымды, депутаттарды алаңдатқан басқа мәселе екен.

“Вице-министр бірыңғай құрылысшы болады деген. Ол кім болады? Құрылысын елдің өзіне не себепті жасауға болмайды? Бұл да оралмандар бағдарламасы секілді болып жүрмей ме? Ол кезде де бір ауыл салынып, оның бәрі талапқа сай болмай шыққан. Өйткені адамдардың тілегі есепке алынбады”, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова.

Талқылау