Депутаттар қазақстандық мұғалімдерге аяушылық білдіріп, министрді сынап тастады

Депутат Наталья Жұмаділдаева ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің электрондық журналдарды жүргізу тәртібі туралы бұйрығын сынға алды. Министр мұғалімдердің әр тоқсан сайын электронды журналды түсіріп, басып шығаруы не үшін қажет екенін түсіндірді.

Бұл туралы Sputnik Казахстан жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мұғалімдер министр айтқан бұйрық бойынша электронды  журналды басып шығарып, әр бетті белгілеп, нөмірлеп, директордың қолы және білім беру ұйымының мөрін қойғызуы керек.

Депутат Наталья Жұмаділдаева осы талаптарға келіспейтінін білдіріп, министрге сұрақ қойды.

“Демек, мұғалім қағаз журналдың қолдан жасалған көшірмесін жасайды. Ерлан Кенжеғалиұлы, электрондық журналдың және оның қағаз нұсқасына тыйым салудың мәні неде”, – деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл тұжырым мұғалімдермен ақылдаса келе туындаған.

«Осы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Болашақта мұғалімдер оқушылардың алған бағалары қауіпсіз түрде сақталғанына көздері жеткеннен кейін, біз бұйрықты ауыстырып, осы пунктің күшін жоя аламыз», – деді білім және ғылым министрі.

Вице-спикер Гүлмира Исімбаева да Жұмаділдаеваның сөзін қостады.

“Байқұс мұғалімдер, өздеріне түсетін жүктеме үшін кінәлі. Бізде 10 мыңға жуық мұғалім бар. Солардың бірі бұл шешіммен келіскен. Сол үшін барлығына күш түседі. Мүмкін, қағаз журналды олар барлығы электронды журналға үйренгеннен кейін тыйым салу керек шығар. Қағазға тыйым салып, электрондыдан шығарту… Не үшін олай істеу керек?”. – деді Исімбаева.

Министрдің айтуынша, электронды журналды қағазға басып шығару тек 3 айда 1 рет жасалады.

Егер бүгін депутаттар бастама көтерсе, біз ертең бұл түзетулерді жоямыз. Сол кезде мұғалімдер қауымдастығымен сөйлесуді сұраймын“, – деді Сағадиев.

“Енді депутаттар кінәлі”, -деп қалжыңдады Исімбаева.

Тағы оқыңыз:

Вице-спикер министрлік өкілінен үкімет сағатын босатуын сұрады

Елбасы Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Владимир Путин өзіне қойылған сұраққа Назарбаевтың сөзімен жауап берді

Путин такси жүргізушісі бола жаздаған күндері туралы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар