Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар еліміздің әр өңіріндегі ауыл-ауылды араламақ

Мәжіліс депутаттары президенттің бес әлеуметтік бастамасын халыққа жеткізу үшін алтыншы сәуірге дейін өңірлерге шығады.

© Sputnik / Владимир Федоренко

Депутаттар Астанаға 6 сәуірде оралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

“Бүгіннен бастап депутаттық корпус сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға шығатын болады. Біздің ең негізгі мақсатымыз — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын және оның ерекше мүмкіндіктерін әрбір азаматқа, әрбір отбасына жеткізу. Сонымен бірге, заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарымызды жан-жақты түсіндіруді мақсат етіп отымыз”, — деді жалпы отырыстан кейін төраға Нұрлан Нығматулин.

“Астанаға оралғаннан кейін келесі пленарлық отырыста осы әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларын жұмысқа қабылдаймыз”, — деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Болат Назарбаев жас жұбайлардың тойына болып, жастарға Infiniti көлігін сыйлады (видео)

Айгүл Иманбаева: “Интригаға толы” жаңа бейнебаяным қазақ көрермендер үшін ыңғайсыздау болуы мүмкін

Талқылау