Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Бас прокуратураны қағаз тастайтын қоқыс жәшігіне теңеді

Мәжілісмендердің айтуынша, жұрт Жоғары соттың үкіміне де қарамастан қайта-қайта шағымданып, прокурорлардың басын қатырып жүр екен

gp_0

Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

Прокурорларды қорғаған депутаттар арандатушылықпен айналысатын белгілі топ бар деп күдіктенеді. Яғни, бірнеше адам жиналып алып соттың үкіміне қарамастан жылдар бойы бір арызын арқалап, Президент әкімшілігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Бас прокуратураға таратып жүрген. Олардың түр түсін депутаттар да жаттап алыпты. «Жоғары соттың да шешіміне қарамастан шағымданушылардан әбден мезі болдық» деп прокурорлар азар да безер.

Жалпы, биыл прокуратураға түскен арыз саны өткен жылдармен салыстырғанда бірнеше есеге артыпты. Небары 11 айда 300 мыңға жуық адамның мәселесін қараған. Арыздар көбіне заңсыз тексеруге қарсылық білдірген кәсіпкерлер, алимент төлемей ұл-қызынан қашып жүрген  безбүйрек әкелерге қатысты екен.

Мәжіліс депутаты Қайырбек Сүлейменов: «Бас прокуратураны қажетсіз қағаз тастайтын қоқыс алаңына айналдырып алдық. Депутаттар да жұрттан келген мыңдаған шағымды дереу Бас прокуратураға жібереді. Заң бар, сот үкім шығарады. Ал, адамдар шағымы негізсіз болса да жауап күтіп, жылдар бойы бір мәселені қозғап босқа құқық қорғаушыларды әуре етеді. Мұндай топтар әсіресе Астана мен Алматыда көп», – деп атап өтті.

Талқылау