Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар банкоматы жоқ ауылдар үшін Ақышевті ұялтты

Депутаттар Ұлттық банкті лобби жасап жүр деп айыптады. Мәжілісмен Мұхтар Тінекеевтің айтуынша, еліміздегі басты қаржылық ұйым екінші деңгейлі банктердің мүддесін қорғап, ал халыққа қарсы заңдар әзірлеуде екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

10095745

Сурет newskaz.ru

“Ұлттық банк болғанымен сіздер екінші деңгейлі банктердің ғана сөзін сөйлеп жүрсіздер. Бұған дейін әзірлеген исламдық қаржыландыру, сақтандыру мен коллекторлар туралы заңның қарапайым халыққа түк қажеті жоқ. Төлемдер туралы құжатты да қарамас бұрын, ауыл-аймақтарға банкомат орнатып беріңіздер”, – мәжілісмен Мұхтар Тінекеев.

Өйткені, шалғайдағы тұрғындар жәрдемақы, зейнетақы алу үшін аудан орталығына барып, жалғыз банкоматқа бірнеше күн ұзын-сонар кезекте тұрады. Бүгін Бас банкир мәжіліске төлем жүргузіге қатысты заң жобасын алып келген болатын. Данияр Ақышевтың айтуынша, егер парламент осы құжатты қабылдаса, банк карточкалары арқылы ақша аудару, төлем жасаудың мерзімі айтарлықтай қысқарады. Банктердің қызметі барынша ашық болады екен. Және олар кез-келген уақытта тарифтерді қымбаттата алмайды.

Сондай-ақ, клиентке комиссияның көлемі туралы алдын ала ескертуге міндетті. Ал қазір азаматтардың қаржысы діттеген жерге жетпей қалса да, сотқа шағымдана алмайды екен. Және аударған ақша 4-5 күнде бір-ақ түседі. Бұл, әсіресе, ірі мекемелер мен кәсіпкерлер үшін қиын.

“Екінші деңгейлі банктер арасындағы карточкалық ақша аудару, төлем жасау жүйесіне Ұлттық банк араласатын болады. Яғни үнемі қадағадап отырады. Бірақ ортақ ұлттық төлем жүйесі құрылмайды. Жаңа заң күшіне енсе, Ұлттық банк төлем терминалдарын да бақылауда ұстайтын болады”, – деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Талқылау