Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат: Жер қадірін білетіндерге жерді сату керек

Алматы облысының мәслихат депутаты Қанатхан Нүсіпов Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелерінің Алматы облысы жұртшылығымен кездесуі барысында жерді алмастан бұрын нақты жоспар жасап, қаржы жинап алу керек екенін айтты.

вмвмвмвм

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

«Егер фермерлер бірігіп, бір-біріне көмектеспейтін болса, оларға жерді беруге болмайды. Біз жерді тұрақты жұмыс істейтін жақсы мамандарға тапсыруға тиіспіз. Бүгінде шетелдіктердің арқасында 700 гектарға жуық жер дұрыс пайдаланылып жатқанын көріп отырмыз. Біз шетелдіктерге жерді сатайын деп отырған жоқпыз, олардың технологиясын, тәжірибесі мен білімін пайдалану үшін шақырып жатырмыз. Егер бірлесіп жұмыс істейтін болсақ, еліміздің берік негізін қалаймыз», – дейді депутат.

«Жерді игере алатын, қадіріне жете білетін, анасы секілді құрметтейтіндерге сату керек. Сондай-ақ жерді қаржысы мен жоспары барларға берген жөн», – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысындағы «Байсерке» ЖШС базасында Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелерінің өңір халқымен кездесуі өтіп жатыр.

Талқылау