Депутат мұқтаж азаматтар үшін несиенің пайызын төмендету мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Марат Бопазовтың пікірінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарастыруы керек.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі осы уақытқа дейін 17 миллирад теңге пайда тапқан екен. Осының есебінен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету банктің жоспарында бар ма? Көптеген азаматтың үй алуға мүмкіндігі жоқ. Егер несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен болса, менің ойымша, бұл мәселені 40 пайызға шешер еді. Қазіргі таңда 2,5 млн адам үй алуға кезекте тұр. Болашақта осы мәселені қарастыруға бола ма?”, — деп сұрады депутат мәжілісте өткен отырыста банк өкілінен.

Банктің басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев бұл мәселе қарастырылатынын айтты.

“Біз таза түскен табысты қалай пайдалану қажеттігі бойынша акционерлерімізбен ақылдасамыз. Оның ішінде әлеуметтік әлжуаз топтарға несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету мәселесі бар”, — деді ол.

“Өткен аптада парламент қабырғасында әскери қызметкерлерді үймен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Сонда Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің төрайымы Ләззат ханым 17 млрд теңге табыспен бітірдік деп айтты. Сонда мен ол кісіден әл-ауқаты төмен жастарға несиені 5 пайызбен емес, одан да төмен пайызбен берсек қалай болады деп сұрадым. Бүгін де сол сұрақ қойылды. Банк өкілдері қараймыз деді. Шешіле ме, шешілмей ме — оны алдағы уақыт көрсетеді”, — деді депутат Бопазов БАҚ өкілдеріне отырыстан кейін.

Оқи отырыңыз:

Астаналық бойжеткен шетелдік жігіттермен көңіл қосудың ерекшелігін айтты

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы үй күтушісі сотталды

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар