Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат қазақстандықтарға берілетін 10 сотық жер туралы: Билік шындықты айтуы керек

Бүгін, 24 мамырда, «Нұрлы жер» бағдарламасының жұзеге асырылу барысы талқыланған Мәжіліс отырысында депутат Омархан Өксікбаев қазақстандықтарға берілетін 10 сотық жер туралы мәселені қозғады.

Депутат қазақстандықтарға берілетін 10 сотық жер туралы: Билік шындықты айтуы керек

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Мәжіліс депутатының сөзінше, билік 10 сотық жерге қатысты мәселені түбегейлі шешуі керек. Себебі бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес.

“Күрделі мәселенің бірі — 10 сотық жер. Біз қазір осы мәселені түбегейлі шешуіміз керек. Менің ойымша, оның бір шегі де болуы қажет, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса алмайды. Бүкіл жердің инфрақұрылымын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыны салмақтап, талдап, үкімет айту керек. Қай жерде тоқтауымыз керек, қай уақытқа дейін бұл бағдарламаны жасауға тиіспіз. Өйткені бүгін барлығына 10 сотық тиесілі дедік. Ал сол тиесілі жерін бере алмаймыз”, — дейді депутат.

Сонымен қатар, депутат 10 сотық жер мәселесін халыққа дұрыс түсіндіру қажет екенін айтты.

“Сондықтан осыны талдап, халыққа жеткізу керек. Өйткені, бәрін алдап қоя алмаймыз, ертең үкіметке, билікке сенім жоғалады. Өкілетті орган осы мәселені зерттеп, шындықты айтуы керек деп ойлаймын”, — дейді Омархан Өксікбаев.

Айта кетсек, бұған дейін Астана әкімдігі көпбалалы отбасыларға жер телімдерін бөлу туралы қауесетке түсініктеме берді.

Талқылау