Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат бюджетті тиімді жұмсамағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Бюджет ақшасын тиімді игере алмағандар түрмеге жабылуы мүмкін. Депутаттар қазына қаржысын босқа рәсуа қылған шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғауды ұсынды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

prigovor

Өйткені, министрлер жыл сайын шығындарын тізіп, Парламентке бюджетті бекіттіріп алады да, соңында миллиондар игерусіз қалады екен. Салдарынан мемлекеттік бағдарламалар уақытылы аяқталмай, құрдымға кетіп жатыр. Бұл жылда қайталанатын үрдіс. Ал оның зардабын жұрт көруде.

Атқамінерлердің салғырттығынан елімізде баспана, аурухана мен балабақша, мектеп сынды тұрғындарға ауадай қажет әлеуметтік нысандар салынбай қалады. Бірақ, ол  үшін жауаптылар ары кетсе ескерту алады. Енді мәжілісмен Омархан Өксікбаев қолда бар ақшаны ұқсата алмаған министр, әкімдер мен олардың орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғау қажет деп отыр.

“Бір де бір мемлекеттік басшы, бірінші басшы жауапкершілікке тартыла қойған жоқ. Сондықтан қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу керек. Сөйтіп бюджет ақшасын шашатындарды қатал жазалау керек”, – дейді Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық 14 жастағы шабандоз тапсырыспен ақшаға атпен шабады

Астанада арнайы жасақ қызметкері бөлімшеде асылып қалған күйінде табылды

Желі қолданушылары боксшы Назым Қызайбайдың биіне сүйсінуде (видео)

Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

Талқылау