Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат боранға байланысты жүргізушілерге тұрғындарды тегін алып кетуге шақырды

Астана қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов такси жүргізушілеріне қаладағы боранға байланысты тұрғындарды тегін жеткізуге кеңес берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

“Астаналықтар бір-бірімізге көмектесейік! Көшеде катты боран. Соны пайдаланған такси жүргізушілері бағаны да көтеріп айтып жатыр. Егер мүмкіндіктеріңіз болса жерлестеріңізді тегін жеткізіп салыңыздар”, -деп жазды Мирас Шекенов.

Жолда аяздан тоңып қалған адамдарды жолшыбай алып кетуді BI Group компаниясы да ұсынды.

Еске салайық, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанадағы халықаралық “Нұрсұлтан Назарбаев” әуежайы жабылған еді. Жолаушыларға рейс уақытын білу үшін кол-орталықтарға хабарласып, алдын ала біліп алуға кеңес берілді.

Сонымен қатар Қазақстанның бірнеше облысында жолдар жабылды.

Одан өзге, Астанада мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабақтары тоқтатылды.

Тағы оқыңыз:

Ұлты қазақ нейрохирург Германияда танымал дәрігерге айналды

Қатерлі ісікпен ауыратын қыз фотографты таңғалдырды (фото)

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Талқылау