Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат болмай қалған Жанар Дұғалова Америкаға аттанды

Депутаттық мандатты иелене алмаған әнші Жанар Дұғалова дәл қазір Америкада жүр.

65

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жақын күндердің бірінде “Нұр Отан” партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер атанған эстрада жұлдыздарының бірі Жанар Дұғалованың депутаттық мандатын иелене алмай қалғаны туралы хабарлағанбыз. Бұл хабардан кейін әнші Америкаға аттанып, дәл қазір аталған елдің Нью-Йорк қаласында саяхаттап жүр.

1

Мөлдір Әуелбекова “Жансырым” бағдарламасында Жанар Дұғалованың “КешYOU” тобынан түсініспеушіліктің әсерінен аяқ астынан кеткені туралы айтқан-ды. Мұнымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары депутат бола алмай қалған Жанар Дұғалова мен Қайрат Нұртасты әжуалаған болатын. Алайда әншінің алып елге аттануына не себеп болғаны белгісіз. Мүмкін саяхаттауды жөн көрген болар.

4

2

Естеріңізге сала кетсек, Жанар Дұғалованың сәнді киім жарнамасына түскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау