Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат баспана алатын жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайтуды ұсынды

Үкімет сағатында жастарды баспанаме қамту мәселесі айтылды. Бұл орайда депутат Гүлнәр  Иксанованы баспана алатын жастардың жас мәселесі толғандырды.

Оның айтуынша, бастапқыда “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша 19 мың пәтердің 34 пайызы 28 жасқа дейінгі жастарға берілді, деп жазады Zakon.kz.

“Елімізде “жас отбасылар” немесе “жастар” бағдарламасы бойынша барлық талапқа сай келетін бағдарлама жоқ”, – деді Иксанова.

Депутат бұл мәселені шешу керек деген ұсыныс айтты.

“Баспана алудың әр түрлі жолдарын қарау керек. Бұл тегін  ипотека. Студенттерге ғана емес, жұмыс істейтін жастарға, қызметтегілерге арнап, әлеуметтік тұрғын үй, баспана кооперативтері, жеке құрылыс салу мәселесін қарау керек”, – деді ол.

Одан бөлек мәжілісмен Қазақстанда баспана алатын жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайтуды ұсынды.

“Қазір басқа бағдарламаларға үміткерлер көп болғандықтан, 29 жасқа толып қойғандар бұл бағдарламалармен баспана ала алмайды”, – дейді Иксанова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау