Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат адвокаттан қазақ тілін кемсітпей “доступно”сөйлеуді талап етті

Мәжілісте нотариат және адвокатура институттарын дамыту мәселесі талқыланған отырыста депутат Сауытбек Әбдірахманов республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгелден қазақ тілін кемсітпеуді талап етті.

1688603

Мәжілісте нотариат және адвокатура институттарын дамыту және реформалау мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sputnik. 

Отырыс барысында республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгел депутаттардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына орыс тіліне жауап беріп отырды. Сұрақтар аяқталғаннан кейін депутат Сауытбек Әбдірахманов сөз алып, адвокаттан қазақ тілін кемсітпеуді сұрады.

“Депутаттың сұрағына жауап бере отырып, сіз “хочу ответить на русском языке, так будет доступнее” дегеніңізді қалай түсінуге болады? Депутат Байрамовтың сұрағына жауап қайтарған кезде де сол логика бойынша сөйледіңіз. Сонда сіздің пікіріңізше, жауапты қазақ тілінде қайтарғанда ойды “доступно” жеткізудің мүмкіндігі жоқ па? Менің ойымша, сіздің жауаптарыңыздың тілі басқа үшін емес, сіз үшін түсінікті. Бұл басқа мәселе. Бірақ қазақ тілін кемсітіп сөйлемеуді сұраймыз”, — деді халық қалаулысы. 

Өз кезегінде отырысқа төрағалық етіп отырған Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко депутаттың ескертуіне қолдау білдірді.  “Бұл дұрыс деп ойлаймын. Қазақ тілін оқыңыздар. Қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бәрімізге, оның ішінде маған да тілді жетілдіру керек”, — деді ол.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда адвокаттар ақысыз қызмет көрсетуге міндеттеледі

Елбасы “Болашаққа” бөлінетін ақшаның бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Талқылау