Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар мұғалімдерді ҰБТ-ны ұйымдастыру процесінен босатуды сұрап отыр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер мен әкімшіліктің мүддесі үшін рейтингтік практика жасағанды доғаруды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Депататтар мұғалімдерді ҰБТ ұйымдастыру процесінен босатуды сұрап отыр

«Мұғалімнің мәртебесі, оның қоғамдағы орны Парламентте және қоғамда бірнеше рет талқыланды. Алайда Білім және ғылым министрлігінің, әкімдіктердің мұғалімге деген қолайлы жұмыс күші мен көпшілік шараларға жұмылдыру секілді қарым-қатынасы мектептің өнегелі құндылықтарын бұрмалауға алып келеді”,- деді Ирина Смирнова.

Сондай-ақ, ол 2017 жылдан бастап түлектердің қорытынды аттестациясын, мектеп емтихандарын жүргізудің жаңа форматы енгізілгенін еске салып өтті. Мектепті тәмамдауға арналған шара аттестаттарды тапсырумен аяқталады. Осы орайда оқушы мен мектептің ресми түрдегі өзара қарым-қатынасы аяқталады.

“Дегенмен, қазіргі уақытта бұрынғы түлектерге қатысты функционалдық құқықтар мен міндеттерге ие емес мұғалімдер  үміткерлерді ҰБТ-ға апарып, олардың сынаққа қатысуына жауапты болып жүр. Біз осыған байланысты 2017 жылы парламенттік сауалдама қойдық. Содан Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 2018 жылы ҰБТ ұйымдастыру процесіне мұғалімдерді араластырмау мәселесін қарастырып жатқандарын айтты. Бірақ бұл өтініш тек сол күйінде қалды. Яғни, процесс қайталануда”,-деді депутат.

Депутаттардың пікірінше, мектепке, мұғалімдерге деген мұндай көзқарас заңсыз және бұдан мұғалімнің мәртебесі төмендейді.

“Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктер ҰБТ тапсыру, оған қатысу, тестілеудің нәтижелері әрбір талапкердің жеке мәселесі екенін мойындауы керек. Жоғарыда айтылғандарға байланысты мектеп мұғалімдерін ҰБТ ұйымдастыру міндеттемелерінен босату қажет деп санаймыз. Мұғалімдер еңбегін өздеріне тән емес қызмет түрлеріне пайдаланған қисынсыз. Сондай-ақ, мектептер мен әкімшіліктердің мүдделі үшін ҰБТ қорытындысы  бойынша рейтинг жүргізу тоқтатылсын », – деді мәжіліс депутаты.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптесінің айтқанын қолдай келе, мәселенің өзекті әрі уақытылы көтеріліп отырғанын атап өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

 

Талқылау